• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:36:53
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихатта өтетін алдағы сайлау әділ әрі ашық өтетінін айтты. Бұл туралы ол онлайн режимде өтіп жатқан ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитінде мәлімдеді.

– Қазақстанда кезекті электоралды процесс басталды. 2021 жылдың 10 қаңтарына Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті органдардың депутаттарын сайлау белгіленді. Сайлау конституциялық мерзімде болады, – деп айтты ол.

Мемлекет басшысы өз сөзінде партиялардың бәріне даярлануға жеткілікті уақыт берілгенін атап өтті.

– Биыл біз теңдессіз демократиялық реформалар пакетін қабылдадық. Олар көппартиялылықты және партиялық бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. Атап айтқанда заңнамалық деңгейде парламенттік оппозиция институты бекітіліп, партиялық тізімге жастар мен әйелдердің үлесі үшін 30 пайыздық квота бөлінді. Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз. Әріптестеріміздің қолдауына үміттенеміз, – деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір