19 Желтоқсан, 2020 Саясат
Фото: sputnik.armenia
19 және 21 желтоқсан аралығында Армения Таулы Қарабақтағы 44 күндік соғыс кезінде қаза тапқан сарбаздарын аза тұтатын болады. Бұл туралы dw.com сайты мәлімдеді.
Ереван жұртшылығы бүгінгі аза тұту шеруінде қолдарына шырақ пен гүл ұстаған күйі "Ераблур" әскери зиратына дейін жүріп өтті. Дыбыс күшейткішпен қаза тапқан адамдардың аты-жөні аталды.
27 қыркүйекте басталған алты апталық соғыста үш мыңға жуық армяндық сарбаз мерт болған.
10 қараша күні Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы шешім қабылданған. Армения, Әзербайжан және Ресей арасында болған келісім бойынша, Лачин, Агдам, Кельбаджар аудандары Әзербайжанға қайтарылып, басқыншы әскер аймақтан шығарылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір