12 Қаңтар, 2021 Әлеумет
Фото: zakon.kz
Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Ботембаев қайтыс болды. Бұл туралы "Қызыл-Жар" СҚ баспасөз қызметі хабарлады.
46 жастағы Ерлан Ботембаев еркін күрестен спорт шебері болған, Джиу-джитсудан қара белбеуге ие еді.
Ол Көкшетау клубында 2018 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істеді. Ботембаев жұмыс істеген кезде Оқжетпес бірінші лигадан премьер-лигаға оралды. Ал 2019 жылы премьер-лигада жетінші орынға ие болды. Бұл – клуб үшін тарихтағы ең жақсы нәтиже.
Өлімнің себебі туралы ақпарат хабарланған жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір