• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

09 Желтоқсан, 11:00:57
Алматы

15 Қаңтар, 2021 Әлеумет

Сақ болыңыз! Алаяқтар банк атынан хабарласып карта нөмірлерін иемденуде

Ақша бонустары туралы хабарламалар What'sApp мессенджерінде таратылуда.

Фото: stopfake.kz

Қазақстанда интернет-алаяқтар қайта әрекет етуде. Бұл жолы олар Halyk Bank атынан төлем карталарының нөмірлерін иемденуде, деп хабарлады stopfake.kz.

Скриншот

"Ақша бонустары туралы хабарламалар What'sApp мессенджерінде таратылуда. Хабарлама авторлары үш досты тіркеп, банк картасының нөмірін жазуды ұсынады, бірақ сайт барлық көрсеткіштер бойынша фишингтік болып табылады. 

Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның көмегімен зиянкестер жеке ақпаратты, төлем деректерін иемденеді және құрбандарының жеке аккаунттарына кіреді. 

Halyk Bank-тің өзінде мұндай акциялар қазіргі кезде өткізіліп жатпағанын хабарлады.

– Бұл алаяқтар. Деректерді қалдырмауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады банктегілер. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Халық Банк Алаяқтық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір