Жақында сайланған мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов "Азат алаң" бағдарламасына берген сұқбатында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап ескерткіш орнату туралы бастаманы не үшін көтергенін айтты. 

Жас депутаттың айтуынша, мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан жандарға құрмет көрсету – әлемдік тренд.

– Өз өмірінің тең жартысын мемлекеттік қалыптасуына арнаған, жалпы Қазақстан үшін астанамызды салып, Түркістан қаласын жаңғыртып, шекарамызды шегендеп, тіл мәртебесін көтерген, Семей полигонын жапқан. Сіз оны тарих беттерінен сызып тастай алмайсыз. Сондықтан да ол кісінің жасаған еңбегін мойындап, үлгі алуға болады. Бұл - ұсыныс тек қана менің емес, Алматы қаласының жасотандықтарының да ұсынысы. Ой менікі болғанымен, жасотандықтармен бірлесе отырып келістік. Қазір әртүрлі БАҚ болсын, әлеуметтік желідегі белсенділер болсын, олар сөзімді өздеріне керек форматта бұрмалап алып жатыр. Мен ойлаймын, бұл бүйректен сирақ шығаратын нәрсе емес. Бұл әлемдік тренд. Американы, Түркияны алып қарасаңыз да, Сингапурды алып қарасаңыз да, мемлекеттің қалыптасуына үлесін қосқан азаматтарға мұндай құрмет көрсетудің артықшылығы жоқ, – деді Мәди Ахметов. 

 


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір