Мәжілістің бұрынғы депутаты Марат Дәрібекұлы Бопазов QazIndustry басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Марат Дәрібекұлы Бопазов сайланды" делінген хабарламада.

Ол бұған дейін парламенті мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болған.

"QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ-да Марат Бопазов өнеркәсіптік даму мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Ведомство мәліметінше, Марат Бопазов В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша, сондай-ақ І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жалпы жұмыс өтілі 35 жыл.

Әр жылдары Семей геологиялық-барлау техникумында, Талдықорғандағы "Облводоканал" басқармасында, ұлттық-мәдени ұйымдарды қолдау қорында жұмыс істеді. Сондай-ақ Талдықорған қалалық әкімшілігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласының "Коммунальник" МКК бастығы қызметтерін атқарды.

1999 жылдың қарашасынан 2016 жылдың наурызына дейін Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір