• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:38:54
Алматы
+12°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Киясов коронавирусқа қарсы  "Спутник V" вакцинасы туралы айтты.

– КВИ-ға қарсы вакцинацияда Ресейдің Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген "Спутник V" вакцинасы қолданылады.  Әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады.

"Спутник V-дан" кейін иммунитет кем дегенде 2 жыл сақталуы мүмкін екені дәлелденді. Вакцина коронавирустың "Британиялық" және "Оңтүстік Африка" жаңа штамдарына қарсы тиімді, – деді ол.

Сондай-ақ бас санитар дәрігер вакцинаны жасаушылар "Спутник" COVID-19-дың орташа және ауыр ағымынан 100% қорғайтынын мәлім етті.

– Жоғарыда атап өткеніміздей, вакцинация вакцинаның түсуін және халықтың әртүрлі топтарының эпидемиологиялық маңызын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деді Ерлан Қиясов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір