• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:56:33
Алматы
+12°

Есік ауылының перзентхана қызметкерлері мінген шағын автобустың жол апатына түсуіне байналысты облыстық түсініктеме берді, деп хабарлады zakon.kz

– 14 ақпан күні таңғы сағат 07:40 шамасында Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші станциясына Талғар-Есік-Бәйдібек би тас жолының 72-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы бұған дейін Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 41 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта, 73 км, Сатай ауылына жақын жерде, мұзды және тұман жағдайда рульдік басқаруды жоғалтып, көлік аударылуына себеп болды, деп түсініктеме берді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Департамент жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталғанын айтты. ҚР ҚК 345-баптың, 2-бөлігі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Алматы облысында перзентхана қызметкерлері бар шағын автобус аударылып қалғаны белгілі болды. Онда 18 адам болған. Жарақат алған жүргізуші әйнекті сындырып, көлік ішіндегі адамдарды түсіріп үлгерген. Алайда төрт адамның жағдайы ауыр.

Айта кетсек бұл ¨ГАЗельді¨ басшылық емес, қызметкерлер өздері жалдаған. Тасымалдауды аурухана басшылығы қамтамасыз етуі керек болған, – дейді kris_p_issyk Instagram-дағы видео авторына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттер мен видеолар әлеуметтік желілерде тарала бастады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Иссык | Енбекшиказахский район (@kris_p_issyk)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір