• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:56:17
Алматы
+35°

Бүгін бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясына қарсы  "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды.

 

Вице-министрлер вакцинаның бірінші, екінші  дозасын да Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада салдырды. Е.Қиясов пен А. Ғиният өздерін жақсы сезінетіндерін жеткізді. Вакцинация алгоритмі бойынша олар 30 минут медициналық бақылауда болды.

Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов екі дозалы вакцинаның толық курсын алғаннан кейін, ол өзін коронавирус инфекциясынан толық қорғалғанын атап өтті. 

Еске сала кетсек, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният 1 ақпанда "Спутник V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырған.

21 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын 19 764 медицина қызметкері салдырған. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір