• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:30:29
Алматы
+12°

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесу өткізді.

"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев президентке өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты. Сондай-ақ отандық аналитикалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан бөлек мемлекет басшысына жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастықтың негізінде инвестиция тарту жолдарын, сондай-ақ ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды" делінген хабарламада.

Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы  дамыту мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір