Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы бес баланың қайтыс болуына сіріңке себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Хабар»агенттігі хабарлады.

– Анасы 5 баланы үйде қалдырып, далаға шығуына не себеп болғанын білмеймін. Мүмкін маңызды себебі де болған шығар. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Үй көпқабатты және орталық жылыту жүйесіне қосылған. Пеш жоқ. Жылу орталықтан келеді. Электр сымдарынан ақаулықтар байқалған жоқ. Балалар абайсызда сіріңке қолданған болуы мүмкін, – деді министр.

Қайтыс болған 5 қыздың туысы Саидмұхаммед Әбдімәліков оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.

– Кейбір адамдар пәтерде жылу болмаған, жылытқыштар қолданылған деп жазып жатыр. Мұның бәрі өтірік! Мұндай болған жоқ, болуы мүмкін емес еді. Келін үйде балалармен отырған, ол дүкенге шығып кетті. Балалар сол кезде сіріңкемен ойнап, ойыншықтар жанған, – деп айтты ол.

Еске сала кетейік,  Жамбыл облысы Жаңатас қаласы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болған. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 5 бала қалған.

Өрт болған уақытта үйдің отағасы жұмыста болғаны, ал анасы дүкенге шығып кеткені хабарланды. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, араға біраз уақыт салып көз жұмған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір