• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:57:52
Алматы
+35°

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын маска режимін сақтап, әлеуметтік қашықты ескеріп, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырды.  

Алматы қызыл аймақта тұр. Биыл мегаполисте КВИ-ді жұқтырған 12 800 адам тіркелді. Мутацияға түскен штамның барын ескере отырып, індетті жұқтырудың жоғары деңгейі сақталып тұр.

– Өзгерістер байқалған аймақтарды геномдық ретке келтіру нәтижелері белгілі болды – британиялық және оңтүстік африкалық коронавирус штамдарына тән мутациялар анықталды. Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штаммдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция өте жұқпалы. Осы жағдай мегаполисте анықталған инфекциялардың өршуіне әкелді, – деді ол.

Жандарбек Бекшин КВИ-ден қорғаудың жалғыз жолы вакцинация екенін еске салып, сәуір айында вакциналардың жаңа дозасы келетінін айтты.

– Алматыда екі миллион тұрғынның бар екенін, сондай-ақ көші-қонның жоғары деңгейін ескере отырып, қазір жаңа штаммдар айналымы аясында барлықтарыңызды да Ковидке қарсы шараларды күшейтуге шақырамын. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықты сақтап, қоғамдық орындарға бармауға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырамын, – деді санитар дәрігер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір