• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 11:38:04
Алматы
+23°
2021 жылы Қазақстанда Чернобыль ардагерлері жалпы сомасы 540,7 млн теңгеге біржолғы төлем алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар Чернобыль апатының құрбандарын еске алу күніне (26 сәуір) немесе басқа күндерге (9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне) орай әлеуметтік көмек көрсетеді.

"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлерге өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан төленеді. Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін АМЖ мөлшері 6,19 айлық есептік көрсеткішті құрайды (2021 жылы – 18 056 теңге), жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 7,55 АЕК (2021 жылы – 22 024 теңге). Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға АМЖ-мен қатар, күнкөріс деңгейі мен мүгедектік тобына, себебіне қарай мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты өсетін ең төменгі күнкөріс деңгейі аясында көтеріліп отырады" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

Ардагерлерге стационарлық медициналық көмек ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне арналған 2 мамандандырылған республикалық госпиталь қабырғасында (Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында) көрсетіледі.

2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 055 Чернобыль ардагеріне 5 АЕК-тен (14 585 теңге) 70 АЕК-ке дейін (204 190 теңге) 540,7 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Әлеуметтік көмектің мөлшері қазына мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша әрбір өңірде жеке белгіленеді.

Ел бойынша апат салдарын жоюға 32 мыңға жуық қазақстандық қатысқан.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір