27 Сәуір, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Адамзат 7 мың жылдық өркениетті тарихты өткеріп, бүгінгідей күнге жеткен болса да, өкінішке қарай кейбір адамдар әлі де жүрек сыздатарлық істер жасайды.
Өздері ойлаған кейбір себептерге байланысты кейбір адамдар өздерін басқалардан жоғары санайды. Кейбір адамдар табысты болғаны үшін немесе жақсырақ қаржылық жағдайы үшін өздеріне көбірек сенім мен абырой алып, көптеген істе ерекше құқықтымын деп ойлайды. Өздері қалаған барлық нәрсені істегісі келеді.
Төменде осы тақырыпқа қатысты өмірде болған оқиғаны оқи отырыңыз.
Оқиға әлеуметтік желіде мыңдаған адамның назарын аударған. Оқиғада әділет жағында болған жас даяшы қыз жалпы халықтың алқауын алып, бір күнде жұлдыз болған-ды.
Дженика деген жас қыз Силиконды алқапта орналасқан қымбат және элиталық ресторанда даяшы боп жұмыс істейтін. Ол жұмыс істеген ресторанға көптеген қаржылық табысқа жеткен бизнесмендер келіп, көл-көсір отырып кететін. Олар да әдеттегі адамдар сияқты күнделікті қуанышы мен жұбанышы, проблемалары бар жандар еді. Тек бір ғана айырмашылығы, олардың карточкасында есепсіз ақша бар. Дегенмен, қанша байлығың болса да кішіпейілдікті сақтау өте маңызды, әрине.
Бір ресторанда бір оқиға болып, даяшыны әлемге әйгілі жан етті.
Ол әдеттегі кеш еді. Ешкім де проблема туындайды деп ойламаған-ды. Ресторанда әсем музыка қойылып, адамдар жайбарқат демалып отырған. Дженика клиенттерге жарқын жүзбен күлімсіреп, қызмет көрсетіп жүрді.
Ресторанда бір қалталы клиент өз тапсырысын күтіп отырды. Ол тұрақты клиент еді және үнемі айтарлықтай артық ақша тастап кететін.
Ол адамнан бірнеше метр қашықта бір азиялық отбасы отырды. Олар мұндай қымбат ресторанға көп бара алмайтын-ды. Бұл жолы отбасының бір мүшесінің туған күні болып, осы элиталық ресторанда атап өтуді көп уақыттан бері жоспарлап келген.
Бір қызығы, азиялық отбасы ресторанға кіргеннен бастап, қалталы клиент оғаш қылық көрсете бастайды. Азиялық отбасының істерін сынай қарап отырады. Азиялық отбасы ауқатты болмаған соң, тапсырыс бергенде бағаларға қарап, ойланып, таңдау жасап жатты. Жігіт тіпті де қадалып бақылап отырды.
Сосын, миллионер клиент провакациялық істер жасай бастады. Олардың қымбат ресторанда тамақтанғанына қарқылдап күлді. Отырғандардың назарын әдейі өзі қараған жаққа аударды. Азиялық отбасыдағы қарт адам да бай жігіттің мазақтап отырғанын түсінді. Жігіт оларға қарап, дөрекі қимылдар істеді және ресторан олар сияқты жарлылар үшін емес, қаржылық табысты адамдар үшін лайықты екенін ескертіп, ақыл айтты. Мүмкін, жігітке алкоголь әсер етіп тұрған шығар немесе өмірінде бір проблемалар болған шығар. Бірақ ол себептердің ешқайсысы оған сылтау бола алмайтын еді.
Нәтижесінде туған күн отырысының шырқы бұзылғыдай болды. Отбасы мүшелері әр жақта үндемей ыңғайсыздықта отырды. Сосын кетпекке дайындалды. Бастарын изеп, есеп жабатын ыңғай танытты.
Сол кезде ойламаған жағдай болды. Жаңағы Дженика деген жас даяшы қыз келді де, отбасы мүшелерінің иығынан ұстап, кешірім сұрады. Және кетпеуін өтінді де, жағдайды өзі реттейтінін айтты.
Артынша Дженика дөрекі жігітке барды. Ешқандай қаймықпастан миллионер жігітке бетпе-бет келді де, отбасыдан кешірім сұрауы керектігін айтты. Болмаса, рестораннан кетуін талап етті. Отбасының жағына шығып, жігітке "Сені бұл ресторанда енді ешкім күтпейді" деп төтесінен айтты.
Қаржылық табысты жігіт жас қызға айқайлай бастады. Өзінің бұл ресторанның тұрақты клиенті екенін, ресторанға мыңдап табыс кіруіне себеп болғанын айтып, жас қызды да, азиялық отбасыны да боқтай бастады. Жалпы оқиғаны ресторанда отырған бір клиент видеоға түсіріп тұрған еді. Сосын оқиға видеосы интернетке жүктелді.
Видео бірнеше күн ішінде мыңдаған адамға тарап кетті. Кейінірек, оқиғаға қатысқандардың кім екені екені анық болды.
Азиялық отбасы қарапайым кірістегі отбасы екен де, олар қымбат ресторанда туған күнді атап өту үшін көп уақыттан бері дайындалған. Ал, дәулетті жігіт "Solid8" деген бағдарламалық компанияны құрушы және бас атқарушы директоры екен.
Өте көп адамдардың ашулы жазбалары мен наразылықтарынан кейін қалталы жігіт аккунтын өшіруге мәжбүр болған. Оған қоса, отбасыдан және видеоны көрген барлық адамдардан кешірім сұраған.
Ал азиялық отбасының жағына шығып, қорғаған Дженика қалай болды десеңіз, интернетте мыңдаған адам жас даяшы қызды қолдаған. Әділетті жақтап, рестораннан миллионерді қуып шыққан жүректі қыз үшін халық ақша жинаған. Қорға бірнеше күнде 60 мың доллар жиналған. "Қор әлі де көбейіп жатыр" дейді әлеуметтік желідегі қолдаушылар.
"Өзіңе ұқсамағаны үшін ешкімді дискриминацияға ұшыратуға қақың жоқ" дейді Дженика.
Иә, жас қыз ресторанда даяшыларға көп артық ақша тастап кететін миллионер әрі тұрақты клиентті қуып шықты. Ол ақшаны емес, әділетті таңдады.
Сіз не істейтін едіңіз?
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір