• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:23:25
Алматы
+35°

"Ұлыбританияның ең ірі теңіз флоты мамыр айында Тынық мұхиты арқылы бірнеше айға сапар шегеді" деп хабарлады ағылшын қорғаныс министрлігі.

– Біздің "Carrier Strike Group (CSG)" соғыс кемелер тобы келесі айда теңізде ұзақ жүзіп, Ұлыбританияның туын желбіретеді, біздің ықпалымызды, күшімізді көрсетеді. Достарымызбен байланыс орнатады. Бүгінгі және ертеңгі қауіпсіздік мәселелерін шешуге өз міндеттемелерімізді растайды. Ұлыбритания кері шегінбейді, ХХІ ғасырдың халықаралық жүйесін қалыптастыруда белсенді рөл ойнау үшін жүзіп барады, – деді Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес.

Соғыс кемелер тобын HMS королева Елизавета кемесі басқарады. Бұл кеме – Ұлыбританияның екі ірі кемесінің бірі, теңізге жіберген ең үлкен әскери кеме.

"Тасымалдаушыларға екі эсминец, екі суасты кемесіне қарсы фрегат, сүңгуір қайық және екі қосалқы жеткізілім кемесі қосылады" делінген министрліктің хабарламасында. 

Ұлыбритания наурызда өзінің әскери және сыртқы саясатына ауқымды шолу жариялады. Онда Үнді-Тынық мұхиты аймағы үшін жаңа онжылдық саясаты жасалды.
 
Дүйсенбіде әуе тасымалдаушыларының соққы жасайтын тобы туралы мәлімдемеде Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Тынық мұхитта Ұлыбританияның қауіпсіздік рөлін тереңдететінін мәлімдеді. Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея және АҚШ-тың аймақтағы күштері жаттығулар өткізуді жоспарлап отырғанын жариялады.
 
Сонымен қатар Ұлыбританияның қауіпсіздік саласындағы дәстүрлі қатынастарының бірі – Малайзия, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия және Ұлыбритания арасындағы бес державалық қорғаныс туралы келісім туралы айтылады.
 
"Берсама-Лима жаттығуы қорғаныс келісімінің 50 жылдығын атап өтеді" деп хабарлады ағылшын қорғаныс министрлігі.
 
"Тынық мұхиты саясаты аясында соғыс кемелер тобы 40 елге барады" деп хабарланды. Кемелер тобының Жерорта теңізі мен Үнді мұхитынан өтіп, Тынық мұхитына баратын сапары шамамен 48 мың 280 шақырымды қамтиды.
 
Дегенмен, Ұлыбритания Үнді-Тынық мұхиты аймағында соғыс кемелері тобының нақты бағытын жарияламады, бірақ сапар аумағында Сингапур, Жапония мен Оңтүстік Корея, Оңтүстік Қытай теңізі аймағы бар.
 
Бейжің 1,3 миллион шаршы мильдік Оңтүстік Қытай теңізінің барлығын дерлік өзінің егеменді территориясы деп санайды және аймақта шетелдік әскери кемелердің пайда болуы  аймақтағы шиеленістің тамыры деп айыптайды.
 
Наурызда да Ұлыбритания күштері аймаққа жіберілген. Сондай-ақ Оңтүстік Қытай теңізіндегі француздардың әскери қызметі белсенді бола түсті. Бұл оқиғалар туралы Қытайдың Қорғаныс министрлігі "кез келген елдің жүзу еркіндігі деген желеумен аймақтық істерге араласуына және аймақтық мүдделерге нұқсан келтіруіне Бейжің үзілді-кесілді қарсы тұрады" деп жауап берді.
 
Ұлыбританияның соғыс кемелер тобы сонымен қатар Қытай өз территориясының бір бөлігі деп мәлімдейтін Тайваньның шығысына барады деп күтілуде.
 
Ал Бейжің соңғы айларда Тайваньның айналасында теңіз және әуе күштерін көбейтіп жатыр.
 
Жапония Ұлыбританияның ірі соғыс кемелер тобын қарсы алатынын жариялады және мұны ынтымақтастықтың жаңа деңгейі екенін мәлімдеді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлыбритания Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір