12 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: Надин Серовскидің Instagram парақшасынан
Instagram желісінде 8,1 миллион оқырманы бар ресейдік блогер Надин Серовски шын есімі - Надежда Серова) Қазандағы қайғылы жағдайға байланысты шатасып Қазақстан азаматтарына көңіл айтқан. Ол республика атауын шатастырып, көңіл айту сөздерін Татарстанға емес, Қазақстанға арнаған.
Ұзамай блогер жіберген қатесі үшін кешірім сұрап, оны түзетіп қойды.
Кеше Ресей федарациясы Татарстан автономиялық республикасының астанасы Қазанда қаруланған ер адам мектепке шабуыл жасап, салдарынан 9 адам қаза тапқан. Оның 2-еуі мұғалім, 7-еуі оқушы. 18 адам зардап шеккен. Полиция мектепке оқ атқан 19 жастағы Ильназ Галявиев есімді адамды ұстап, ол бұрын осы мектепте оқығаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктінің мектепке шабуылдаудағы мақсаты анықталып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір