• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:31:21
Алматы
+12°
Президент Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
 
"Аталған заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ, қандастарға жеке меншікке және жалға беруге тыйым салынады. Осылайша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек қана Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға беріледі" деп жазды Берік Уәли facebook парақшасында.
 
Бұған дейін президент бастамашыл болып, президент әкімшілігі әзірлеген заң жобасы мәжіліске түскеннен кейін оған шетелдіктерге орман өсіру үшін жер беруді көздейтін тармақтар енгізіліп, сенатқа жолданған. Бұл өзгерістер қоғамда наразылыққа ұшырап, белсенділер митингке шыққан. Артынша, сенат дау тудырған баптарға тыйым салып, мәжіліске қайтарған. Мәжіліс сенат енгізген түзетулерді мақұлдаған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жер дауы жер заңы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір