• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:28:20
Алматы
+35°

Биылғы оқушылар арасындағы республикалық олимпиада жылдағыдан өзгеше, онлайн форматта өтті. Білімділер сайысында Маңғыстау облысының командасы 29 медаль иеленіп, қатысушылардың 60%-ы жеңімпаз атанды. Оның 5 алтын, 6 күміс, 18 қола медаль. Оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерінің сапасы бойынша 8 орында, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 6 орынды межеледі.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Олимпиада жеңімпаздарын бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов интернет байланыс арқылы құттықтап, жеңімпаздардың ата-аналары мен ұстаздарына алғысын айтты.

Жиын барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова жеңіпмаз 29 оқушыға І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен медальдар табысталды. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ орын иеленген Маңғыстау облысының командасына «Ең үздік олимпиадалық команда – 2021» номинациясы табысталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде ІІ орын алған «Білім – инновация» лицей – интернаты «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» номинациясын және Мұнайлы ауданының №3 мектебі «Үздік ауыл мектебі – 2021» номинациясы бойынша марапатталды.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау Олимпиада

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір