• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 11:41:16
Алматы
+23°

Бір тәулікте елде 1191 адамнан коронавирус табылып, 89 науқастан пневмония анықталған. 15 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 394 705 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 55 783 адамнан пневмония анықталған.

6 маусымдағы ақпарат бойынша 24 709 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 8 653 пациент стационарда, 16 056 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 573 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр, 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 6 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 2 230 018, ІІ компонентпен 1 179 504 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір