• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:56:50
Алматы
+12°

Оқиға 14 маусым таңғы 7:00 шамасында болған. Алатау ауданында "Хюндай элантра" маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып маневр жасаған көліктен қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Хюндай элантра" көлігінің жүргізуші Өтемісұлы көшесінің оңтүстік бағытында келе жатып, кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргінші – С.есімді азаматты қағып кетті. Сондай-ақ "Газель" автокөлігіне соқтығысты. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде" деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Kris_p_kz instagram парақшасындағы видеода оқиға куәгері полицей адамды жоғары жылдамдықпен қаққанын айтқан. 

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Дереккөз:Қазақпарат

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол-көлік оқиғасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір