16 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде бір топ адамның қатысуымен болған төбелес видеосы тарап жатыр. Видеоны kris_p_brothers_official парақшасы жариялады.
Видеодан адамдардың айқайы мен төбелесін, бір көлік адамдарды әдейі қағуға әрекеттенгенін көруге болады. Оқиға Қызылорда облысында болғаны анықталып, Қызылорда облысының полиция департаменті жағдайды түсіндірлі.
"05.06.2021 жылғы сағат 02:00 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданынды автотұрақтағы көлікке белгісіз біреулер тас лақтырып, көлікке зақым келтірген. Одан бөлек сол маңдағы дүкенді бүлдірген. Іздестіру нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Полиция бөлімшесіне 10 азамат жеткізілді. Ешқайсысы дене жарақатын алмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән жайы анықталып жатыр" делінген хабардамада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір