05 Тамыз, 2021 Спорт
Фото: Владислав Семенов
Токио олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
Екінші кездесуінде Мөлдір аустриялық Беттина Планкпен кездесті. Екеуі де жекпе-жекті белсенді бастады. Алғашқы ұпайды қазақстандық спортшы алды. Қарсыласы таразы басын теңестіргенімен, Мөлдір қайтадан ұпай санымен алға шықты. Десе де соңғы сәтте аустриялық үш ұпай алып кетті.
Осылайша Мөлдір қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберіп қойды.
Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, аустриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед.
Мөлдір алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе, Беттина Планк жапониялық Михо Мияхараға есе жіберді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір