11 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазгидромет 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Батыс Сібірде орналасқан циклон, республиканың шығыс бөлігінде әлі де қолайсыз ауа-райы қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады.
Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге, қатты жаңбыр жауады.
Республиканың батысында температура төмендейді.
Елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде, ауа температурасы түнде 5-13°C дейін төмендейді, күндіз 15-23°C болады.
Оңтүстікте түнде 8-18 °C дейін, күндіз 18-34°C градусқа дейін төмендейді.
Батыста түнде ауа температурасы аздап төмендейді, түнде 17-27°C, күндіз 30-40°C болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір