• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:08:52
Алматы
+35°
 
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орта білім беру ұйымдары басшыларын қолдау, қызметке тағайындау тәртібі, біліктілікті арттыру жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
 
 
Министр алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына аттестаттау және біліктілік санатын беру жүйесі енгізіліп жатқанын, аттестаттау үш жылда бір рет өткізіліп, екі кезеңнен тұратынын айтты.
 
 
"Бірінші кезеңде заңнама бойынша білімін тексеруге арналған және басқарушылық құзыреттері бойынша тест тапсырады. Екінші кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары белгілі бір уақыттағы атқарған жұмысының тиімділігі бағаланады. Оқу меңгерушілері үшін аттестаттау тестілеусіз тек бір кезеңнен тұратынын атап өткім келеді. Аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия атқаратын лауазымына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы және үш санаттың біреуін беру туралы шешім қабылдайды. Яғни, лауазымына сәйкестігі белгілі болса, директорға санат беріледі. Керісінше, лауазымға сәйкес емес болса, директор жұмыстан босатылуы мүмкін. Берілген санатқа байланысты директор немесе оқу ісінің меңгерушісі санат үшін лауазымдық жалақыдан 30%, 70%, 100% мөлшерінде қосымша ақы алатын болады. Сонымен қатар мектеп директоры мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы жыл сайын 25%-ға артады" деп жазды министр facebook парақшасында.
 
 
Аймағамбетов бұл шаралар мектеп басшылығының жалақысын мұғалімдердің орташа жалақысының деңгейіне жақындатуға мүмкіндік бергенімен, бұл – мектеп басшысы лауазымына ең мықты мамандарды тарту үшін жеткіліксіз екенін атап өтті.
 
"Басшыларға еңбекақы төлеу жүйесінде бұрын-соңды ынталандырушы факторлар болған жоқ. Көшбасшының жалақысы оның тиімді немесе тиімсіз болуына байланыссыз бірдей болатын. Сонымен қатар мектепте 80 бала оқитын білім ордасының директоры мен 1200 бала білім алатын мектеп директоры бірдей жалақы алады. Қазір біз аттестаттауды және жұмыс тиімділігі үшін қосымша ақы төлеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Сондай-ақ мектептің жобалық қуаттылығына байланысты лауазымдық жалақыны дифференциялауды енгізу жоспарда бар. Сондықтан алдағы уақытта да біз мектептерді ең мықты педагогтердің басқаруы үшін шаралар ұсынатын боламыз" деді министр.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір