Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты елдегі ең ұзын тоннел пайданалуға берілді, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Тоннелдің ұзындығы 840 метрді құрайды. Ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр.
Министрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тоннелдің екі жағында жарықтандыру, желдету, дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерістерін басқаратын диспетчерлік пункттер қарастырылын жеткізді.
Сонымен қатар нақты уақыт режимінде тоннелді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған.
Пікір қалдыру