13 Қыркүйек, 2024 Маңғыстау облысы
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша Маңғыстауда тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы абаттандырылуда. Соның бірі, Бейнеу ауданындағы Есет елді мекенінен 7 шақырымда орналасқан - «Қыз әулие» қорымының аумағында сенбілік өткізілді.
Акцияға Есет ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері, тұрғындары білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, өлке тазалығына өз үлестерін қосты.
- Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық өңірлерде сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта «Қыз әулие» қорымында сенбілік жұмыстарын жүргізудеміз. Өңір тазалығы - баршаға ортақ іс. Сондықтан, маңғыстаулықтарды осы игі іске белсене атсалысуға шақырамын, - деді Есет ауылының белсенді жасы Ерлан Ишмуратов.
Есет ауылының әкімі Мейрамғали Қаниев оң бастаманы қолдайтынын атап өтті.
- Туған өлкенің тазалығына атсалысу - әрбір азаматтың міндеті. Әр сенбі сайын әрбір тұрғын өз ауласына ағаш отырғызып, қоқыстан тазартса, аймағымыз жасыл желекпен көмкерілер ме еді. Осындай сенбілік жұмыстарын жиі өткізуді қолдаймын, - деді Мейрамғали Қаниев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір