12 Қыркүйек, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Мәжілісте қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2025 жылға арналған күш құрылымдарының шығыстары 109 млрд теңгеге ұлғайып, 2,7 трлн. теңге көлемінде жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлады qaz.ulysmedia.kz сайты.
Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов 2025 жылы министрліктің бюджеті – ЖІӨ-нің 0,44 пайызын, ал мемлекеттік қорғаныс тапсырыс 0,24 пайызын құрайтынын айтады. Сонда – 0,68 пайыз.
Бұл цифрларды естіген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қорғаныс саласына бөлініп жатқан қаржы тым аз екенін айтып, 2030 жылы соғыс болу қаупі барын жеткізе отырып, қаржыны арттыру қажеттігіне назар аударды.
– Биылғы жылы бюджетте 0,8, келесі 0,4 пайыз дейсіз. Бұл не қаржыландыру? Кім жауап береді? Қорғаныс министрлігі қазір біздің қауіп-қатер – мамандардың есебі бойынша 2030 жылы соғыс болады. Сондай тәуекел бар. Оны тіпті біздің қорғаныс ведомствосында сондай болжам бар. Әлемдік сарапшыларды есепке алмағанда! Осындай жағдайда біздің қорғаныс саласына 0,4 пайыз – бұл не? Не заговор бұл? Қайдан шыққан есеп бұл? Біз мұны әлі көтереміз! – дейді Ермұрат Бапи.
Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір