• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 02:10:12
Алматы
+8°

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа жолдаған депутаттық сауал жолдап, әскердегі келеңсіздікті тыю және алдын алу бойынша нақты шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар жолдады.

Оның сөзінше, әскерде соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер қайтыс болған, ал соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген, 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған.

– 2023 жылғы тамызда әскери бөлімшелердің бірінде командир әскерге жаңадан келген сарбазды орындықпен ұрып, соққыға жыққан. 2024 жылдың маусым айында Жамбыл облысының бір әскери бөлімшесінде әскерге келгеніне 1-ақ ай болған сарбаз ес-түссіз жансақтау бөліміне түскен. Ал таяуда орын алған жағдай бүкіл отандасымыздың ашу-ызасын туғызды. Ұлттық ұланның жауынгері Ербаян Мұхтар басынан алған жарақаттан бес ай бойы ес-түссіз жатыр. Жауаптылар «Ербаян дәретханаға құлап, жарақаттанды» дейді. Бұған кім сенеді? Жарақаттың салдарынан сарбаздың басының жартысын алып тастауға тура келген. Енді оған тұрақты күтім қажет. Қазір ата-анасы Ербаянды шетелге емге әкетуге қам жасауда, – деген депутат мүндай шулы оқиғалардың бірлі жарымын ғана келтірді.

Сондай-ақ ол Қорғаныс министрлігі айтқан әскери бөлімдердегі 50 мыңнан астам бейнекамераның жазбаларын сұрап, керек кезде солар неге жоқ болып шығатынына назар аударды.

Әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы төмен, олардың жалақысы 2008 жылы ғана көтерілгенін еске салған депутат министрге төмендегідей екі ұсыныс жолады.

  1. Еліміздің армиясындағы аталған келеңсіздікті тыю және алдын алу бойынша нақты шараларды қабылдау.
  2. Әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалады қолға алып, олардың іске асуын жеделдету
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір