• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:15:45
Алматы
+35°

Фото: Иманбек Зейкеновтың instagram парақшасынан

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) белгілі GQ "Men of the year 2021" ерлер журналы жыл сайын өткізетін премияда "Жыл жаңалығы" номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы GQ Russia журналы хабарлады. 

Аталған номинацияда  Иманбектен бөлек ресейлік актерлер Евгений Сангаджиев, Владимир Онохов, Федор Федотов, рэп-орындаушы Soda Luv үміткер болған. 

"Grammy сыйлығы, аудио платформалардағы миллиардтаған тыңдалым, әлемдік музыкалық компаниялармен келісімшарт. Биылғы жылы барлық жерде шырқалған Roses рэпері "SAINt JHN" трегінің ремиксін жасаған қазақстандық жас диджей және продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы ғана екеніне сенімдіміз" делінген хабарламада. 

Иманбек Зейкенов 2021 жылдың наурыз айында беделді Grammy музыкалық сыйлығына ие болған. Марапаттау рәсімі 31 қаңтарда өтуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты іс-шара 15 наурызға ауыстырылды. Онлайн өткен 63-ші Grammy рәсімінде Иманбек Зейкенов "үздік ремикс" номинациясының жеңімпазы атанды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір