• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:01:17
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қалалық №2 аурухана қалыпты жағдайда жұмыс істеуге көшті. Бұған дейін еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты медициналық орталық ғасыр дертіне шалдыққандарды емдеуге негізделген болатын. Мекеме енді түрлі науқастарды қабылдап, ем-дом жүргізетін болады. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аурухананың қазіргі жағдайымен арнайы танысып шықты.

Көпшілікке бұған дейін Фосфор атауымен танымал №-2 қалалық аурухана толықтай күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай жаңғыртылған болатын. Мекемедегі КТ кабинеттері мен жансақтау бөлімдері де соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Аурухана карантин шаралары күшейген жаз уақытында қатаң тәртіпте жұмыс істеп, 10 шілде мен 17 қыркүйек аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың емдеу орталығына айналды.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, індет жұқтырғандар азайып , инфекциялық стационарлар жабылды. Дегенмен, әрдайым дайындықты пысықтап отыру қажет, – дейді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Аурухана дәрігерлері үш айға жуық уақыт аралығында коронавирус індеттін жұқтырған науқастарға медицицналық көмек көрсетті. Күн-түн демей еңбек еткен медицина қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Қазір аурухана жоспарлы түрде науқастарды қабылдауда. Мұнда жеткізілген пациенттер ковидке анализ тапсырып, нәтижесі дайын болғанша арнайы аймақта болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір