• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:23:57
Алматы
+35°

Британиялық соғыс ұшақтар мен кемелер тобы Оңтүстік Қытай теңізіне кірді. Ұлыбритания корольдік әскери-теңіз күштерінің ақпаратынша,  соғыс ұшақтарын тасымалдайтын ағылшын әскери кемесі Тайвань бұғазы арқылы жүзіп өткен. Бұл туралы Германияның DW басылымы хабарлады.

"Шығыс Қытай теңізіндегі серіктестермен және одақтастармен жұмыс істегеннен кейін, біз қазір Тайвань бұғазы арқылы Вьетнамға барамыз" деп жазды әскери ұшақтар тасымалдайтын соғыс кемесінен құралған Ұлыбританияның әскери соққы тобы.

Неміс басылымының ақпаратына сәйкес, Ұлыбританияның әскери кемесі Тайвань мен коммунистік Қытайды бөлетін тар су жолы арқылы бірінші рет өткен.

АҚШ әскери кемелері бұғазда "навигация еркіндігі" болуы керек екенін айтып, аймақта жаттығуларын үнемі өткізеді. Ал, бұл – Бейжіңнің ашуын тудырады, өйткені Қытай Тайвань мен оның айналасындағы теңіз аймағын және Оңтүстік Қытай теңізінің барлығын талап етеді.

АҚШ пен басқа да көптеген елдер бұл жерлерді барлық кемелер үшін ашық халықаралық аймақ ретінде қарастырады.

Соңғы уақытқа дейін Вашингтон Тайвань бұғазы арқылы Бейжіңге қарсы шыққан негізгі күш болды.

Канада, Франция және Австралияның әскери кемелері соңғы жылдары Тайвань бұғазы арқылы жүзіп өтіп, Қытайдың наразылығын тудырды.

23 миллион халқы бар Тайвань билігі авторитарлы Қытайдың үнемі басып алу қаупі астында өмір сүретінін айтады, өйткені Бейжің қажет болған жағдайда Тайваньді бір күнде-ақ басып алатынын жариялаған.

Былтыр Қытайдың әскери ұшақтары Тайваньның қорғаныс аймағына 380 рет шабуыл жасаған, ал осы жылдың сегіз айындағы шабуыл саны 400-ден асқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлыбритания Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір