• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:41:14
Алматы
+7°

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды.  

Байқауға қатысу ережелері:

Байқауға 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған материалдар немесе жарияланымдар және бағдарламалар циклдері (бағдарламалар, арнайы сюжеттер, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар) қабылданады.

Байқау қатысушылары:

Конкурсқа қатысуға қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады (оның ішінде, республикалық БАҚ-дың облыстағы меншікті тілшілері және штаттан тыс) қатысуға шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар тікелей өздері немесе БАҚ редакциясының ұсынысы арқылы қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- Үздіктеле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттердің циклі;

- Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;

- Ақпараттық агенттіктердегі үздік жарияланым.

Мазмұнына қойылатын талаптар:

- Байқауға тек өзіндік материалдар, телесюжеттер ұсынылады. Конкурстық материалдар авторлық құқық, зияткерлік меншік туралы заңнама талаптарына сәйкес болуы қажет;

- Байқауға журналистік материалдар қабылданады (сараптамалық жарияланымдар, материалдар, очерктер, репортаждар, шолу және телесюжеттер);

- Байқауға қазақ, орыс тілдеріндегі материалдар ұсынылуы мүмкін;

- Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді;

- Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді;

- Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс;

- Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (CD/DVD дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс;

- Ақпараттық агенттіктердің журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса тіркеледі: журналист туралы қысқаша ақпарат, ақпараттық материалдардың тізбесі.

Байқауға материалдарды ұсыну тәртібі:

Байқауға материалдар барлық номинациялар бойынша түпнұсқада немесе электрондық нұсқада а.ж. 3 қарашасына дейін (байқаудың жұмыс тобының мекен-жайына: Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі №3 үй немесе [email protected]  электрондық поштасына) ұсынылуы тиіс.

Байқаудың қорытындыларын шығару:

Конкурс жеңімпаздары Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай ұйымдастырылатын форумда марапатталады. Конкурс жеңімпаздары алғыс хаттармен (грамоталар) және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарды айқындау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі;

материалдың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.

Қосымша ақпаратты 8747 741 76 28  телефоны арқылы алуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір