03 Қараша, 2021 NEWS
Фото: qamshy.kz
Алматыда сот орындаушысын соққыға жыққан Мақсот Ысқақов жазаға тартылмайтын болды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Айыпталушы Мақсат Ысқақовқа "Сот орындаушыларының қызметіне кедергі келтіру" бабы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысы шыққан.
– Тергеу жұмыстары барысында сот орындаушысының шабуылдан бұрын соққыға жыққан азаматты теуіп, сол арқылы оны осындай әрекеттерге итермелеу фактілері анықталды. Қолда бар бейнежазбаларды зерттеп, қылмыстық іс материалдарына қосылды, – деді Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Еске салсақ, 4 қазан күні Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков қызмет барысында соққыға жығылған. Оны сот шешімімен келіспеген Алматылық тұрғын Мақсот Ысқақов бауыр тұсынан соққан.
Артынша жанжал кезінде зардап шеккен сот орындаушысы видеоүндеу жариялап, өзіне шабуыл жасаған адамды қаматқысы келетінін айтқан.
Ал Мақсот Ысқақов өз кезегінде полицияға жеке сот орындаушысы мен оның көмекшілерінің әрекеттеріне арыз жазып, өзін кінәлі деп санамайтынын айтқан. Әкімшілік сотқа жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арыз берген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір