02 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: REUTERS / Nikolai Petrov/BelTA
Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік РИА "Новости" басылымына берген сұхбатында Ресеймен ортақ валюта енгізу мәселесінде рубльді қолдануды құптайтынын айтып, ортақ валютаға көшу бұрын-соңды болмаған интеграцияның жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.
– Бұл – біз бұрын-соңды келмеген интеграцияның жаңа деңгейі. Соған жеткенде шешім қабылданады. Ортақ валютаға кезең-кезеңмен келуіміз керек, сондықтан әрекет етейік. Міне, ресейлік рубль тұр. Біз кезінде Ельцинмен (Ресей федерациясының тұңғыш президенті - ред) ортақ валюта туралы келісім жасағанымызда беларусьтік те, ресейлік те емес, үшінші валюта болатынын айтқанбыз. Бірақ бүгінде біз де, сіздер де (Ресей - ред.) рубльді қолданып отырғанда басқасын ойлап табудың керегі қанша? Оған атау беріп жүреміз бе, одан да рубль-ақ бола берсін, – деді ол.
Бүгінде ресми Минск беларусь рублін, Мәскеу Ресей рубльін қолданады. Екі валютаның бағамы шамалас.
4 қарашада қос елдің президенті екіжақты одақтастық бағдарламасы аясында интеграциялық дектерке қол қойған. Келісімді жүзеге асыру ондаған заңнамалық өзгерістерді қажет етеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір