• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 03:54:16
Алматы
+12°

Жақып Марабаев еңбек шартының мерзімі аяқталуына байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлады ұлттық компанияның сайты.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев оған атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді. Атап айтқанда, ОПЕК+ міндеттері аясындағы шектеулерге және коронавирус пандемиясының кері әсеріне қарамастан мұнай сервистік қызметтерінің көлемі және ҚМГ компаниялары тобының өндіруші кәсіпорындарында өндірістің ағымдағы деңгейі сақталды" делінген хабарламада.

– Соңғы екі жыл аса күрделі кезең болды. Коронавирус індеті барлық салаға өз зардабын тигізді. Пандемия бүкіл ресурстардың жұмылуын қажет етіп, әрқайсымыз үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен жаңа кезеңдегі өміріміз бен жұмысымыз біздің мықты тұстарымызды анықтап, бұдан арғы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Ұлттық компанияның ұжымына және "ҚазМұнайГаз"-дың барша мұнайшыларына бірлесіп жасаған жұмысымыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Ж. Марабаев.

Жақып Марабаев мұнайшы әулетінен шыққан. Қырық жылдан астам мұнай-газ саласының жауапты лауазымдарында еңбек етті. Ол әр жылдары "ҚазақстанКаспийШельф" АҚ бас директоры, "ҚазақОйл" ҰК ЖАҚ вице-президенті, "ҚазТрансОйл" АҚ вице-президенті, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір