• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:39:54
Алматы
+12°

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қаңтарда бейбіт митингіге шыққан қамаудағы барлық азаматтарды босатуды талап етті. Үндеудің видеосы Facebook желісінде жарияланды.  

Желтоқсаншылар осыдан 35 жыл бұрын қызыл империяның солақай саясатына қарсы шыққан жастардың қатарында болғаны айтады. Сөздерінше, ішкі істер министрлігі мен ҰҚК 1986 жылы да өкілеттігін асыра пайдаланып, "неше түрлі әрекеттер ойластырып", істелмеген қылмысты бейбіт жастардың мойнына ілген.

"Бізге ұлтшылдар, нашақорлар, маскүнемдер, бұзақылар деп жала жауып, дүниежүзіне масқаралап, алдын ату жазасына кесіп, кейінгілерді 10-15 жылға соттады", - делінген үндеуде.

Белсенділер Қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт шеруге шыққандар жазықсыз жазаланып, түрмеге қамалып жатқанын мәлімдеді.

"Түрмеде оларды азаптап, зорлық-зомбылық көрсетіп, істемеген қылмысты мойнына іліп отыр. Бұл жөнінде бүкіл әлем айтып жатыр. Құзырлы орган қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдалануда. Тіпті түрлі жарақатпен ауруханада жатқан науқастарды алып шығып, күш қолданып, кінә тағуда. Ол ешқандай адамгершілікке жатпайды. Бүгінгі күні Қаңтар көтерілісіне қатысқан жастарға қарсы қолданылып жатқан айуандық әрекеттер 1986 жылғы репрессиядан 100 есе асып кетті. Елім, жерім деп бейбіт шеруге шыққан халық ешқандай террорист емес. Біз, Желтоқсан ардагерлері еліміздің түрмелерінде болып жатқан айуандықты шұғыл түрде тоқтатып, оларды бостандыққа шығаруды талап етеміз", - деп мәлімдеді олар.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір