• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:32:59
Алматы
+35°

Қазақстанда утилизациялық алымды қабылдау жүйесі қайта іске қосылды, деп жазды primeminister.kz сайты.

Ресми сайттың хабарлауынша, "Жасыл даму" АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосқан.
 
"Қазір өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым толық қабылданып жатыр. 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап утилизациялық төлем қабылдау "Жасыл даму" АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі" делінген ақпаратта.
 
"ӨКМ операторы" ЖШС (Оператор РОП) функциялары "Жасыл даму" АҚ-ға өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгені туралы 865 сертификат берілген.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда утиль алымы мөлшерін қайта қарап, жекеменшік "ӨКМ операторы" компаниясының қызметін тоқтатуды тапсырған. 
 
Қазір "ӨКМ операторы" компаниясына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір