18 Наурыз, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Алматыдағы ауа райының құбылуына байланысты 19 наурызға жоспарланған қалалық сенбілік кейінге шегерілді.
"Өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына байланысты 19 наурызға жоспарланған сенбілікті ауыстыруға мәжбүрміз. Синоптиктердің соңғы мәліметтері бойынша, дәл сол күні ауа температурасы төмендейді және қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.
Сенбілікті ауыстыруға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ауа райы қалпына келген соң біз бәрімізбірге сүйікті қаламыздың аулаларын, саябақтарын және скверлерін тазалауға шығамыз.
Біз ауа райы болжамын қадағалайтын боламыз және сенбілік өтетін күн мен уақытын міндетті түрде хабарлаймыз" делінген хабарламада.
Қазгидромет 17-19 наурыз аралығында елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ететінін, соған байланысты жауын-шашын, кейде қар аралас жаңбыр мол түсіп, көктайғақ болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір