18 Сәуір, 2022 NEWS
Фото: Reuters
Украина президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында Франция президенті Эммануэль Макронды Ресейдің Украинадағы "геноцидін" өз көзімен көруге шақырғанын айтты. Бұған дейін Макрон Украинадағы жағдай үшін "геноцид" деген сөзді қолдануға келіспегенін жеткізген.
"Мен Макронды мүмкіндігі болған кезде Украинаға келуге шақырамын. Ол келіп көрсін, түсінетініне сенімдімін" деді Зеленский.
Зеленский бұған дейін Макронның бұл терминді пайдаланғысы келмеуін "біз үшін өте ауыр" деп айтқан.
"Тарихи тұрғыда мемлекеттерді геноцид деп айыптаудан бас тартып жүретін Америка Құрама Штаттары өткен аптада Путинді геноцид әрекеттерін жасады деп айыптады. Путин украиндық бірегейлікті жоюға тырысып, геноцид әрекеттерін жасады деп айыптады" деп жазды BBC.
БҰҰ-ның геноцид туралы конвенциясы геноцид ресми түрде танылғаннан кейін ұйымға мүше елдердің геноцидке қарсы тұруын талап етеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір