• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 18:17:36
Алматы

Қаржы мониторингі агенттігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жариялады. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. 

Агенттіктің хабарламасында Ибулла Серді алдын ала сөз байласып, сыбайластарымен бірігіп аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінгені айтылады.

аа

"Қаржы мониторингі агенттігі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры, 31.01.1976 жылы туған Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Іздеудегі күдіктіні анықтаған немесе оның шамамен орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат алған кезде агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына хабарлауды сұраймыз. Немесе Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша ақпарат беруге болады",делінген агенттік хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір