• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 21:55:41
Алматы
+12°
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш қылмыстық тергеу нысанасында. Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Асқар Әмерханов мәжіліс кулуарында мәлім етті.

– Қазіргі таңда Самат Әбіш тергеу орбитасында. Одан жауап алынып жатыр. Статусын дәл білмеймін. Ол Қазақстанда. Өзін көрмедім. Бірақ ол елде деп ойлаймын. Өйткені тергеу жүріп жатыр, – деді ол.

 

Самат Әбіш қызметінен кеткені туралы бейресми ақпарат алғаш 5 қаңтарда шыққан. Сонымен қатар Самат Әбіш қамауға алынғаны туралы әңгімелер тарады. Алайда ҰҚК ақпаратты терістеп, 14 қаңтарда Самат Әбіш қызметінде екенін, жылсайынғы демалысында жүргенін мәлім еткен. Бірақ ол жерде оның демалысқа қашан шыққаны жазылмаған.

Комитет ақпаратынан кейін әлеуметтік желіде Самат Әбіштей ұлттық қауіпсіздікке жауапты орган басшысының бірінші орынбасары елде дүрбелең болып жатқанда қалай ғана демалыста жүреді деп жазушылар болған.
 
Артынша, ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің демалыста екені туралы ақпаратты толықтырып, оның демалысы 13 қаңтардан басталғанын жазды.
 
Ал 17 қаңтарда оның ҰҚК-ден кеткені ресми хабарланды.
 
Самат Әбіш Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың баласы. Оның ҰҚК-де істеген ағасы Қайрат Сатыбалды қазір қамауда отыр.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Самат Әбіш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір