• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:13:28
Алматы
+35°

Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған отырыс өтті. Іс-шара Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының (Аналар кеңесі, «Ассамблея жастары» ҚБ, журналистер клубы, ҒСТ өкілдері), ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өтті. Бұл туралы Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі мен маңыздылығы туралы Батталханов Болысбек Заманбекұлы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ. ҚХА мүшесі, Алматы қ. ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі әңгімелеп берді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамды жаңғырту, демократиялық институттарды нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіру жолында шоғырландырудың қуатты факторы болып табылады.

Өз кезегінде, Лукашев Всеволод Анатольевич – Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы отандастарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ниязова Нурия Исмагиловна, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының төрағасы, дунган республикалық этномәдени орталығының Жастар қанатының төрағасы Джинлиров Арафат және Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да белсенді мүшелері баяндама жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір