• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:25:03
Алматы
+12°

Президент Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Оған сай  1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, 25 қазан Республика күні ретінде қайтадан мерекелер тізіміне еніп, ұлттық мереке статусын иеленді.

Тұңғыш президент күнін мерекелер тізімінен алып тастау, Республика күнін қайтадан атап өту туралы бастаманы президент сайлауынан кейін мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" фракциясы көтерген. Кей саясаттанушылар ұсыныс алдын ала ойластырылып, алдағы кезектен тыс президент сайлауы қарсаңындағы Тоқаевтың сайлауалды компаниясы аясында жасалып отырғанын айтады.

Қаңтар оқиғасынан соң Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің төрағасы атанып, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында де-юре билік қалмаған соң елде біртіндеп деелбасизация жүргізіле бастады. Алдымен қаңтар оқиғасында Назарбаевтың Талдықорғанда құлаған ескерткіші тұрғызылмады, артынша конституциядан Назарбаевтың иммунитеті алынып тасталды. Қыркүйекте елордаға Астана аты қайтарылды.

Елде Назарбаевқа арналып тұрғызылған тағы бірнеше ескерткіш бар. Жоғары оқу орны мен мектептер желісі, елордадағы әуежай әлі де Назарбаев атында. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы Назарбаев атындағы көшелер мен даңғылдар да өзгерген соң. Тоқаев тұңғыш президенттің тарихи еңбегіне құрмет ретінде оларды қалдыру керектігін айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір