• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:28:52
Алматы
+12°

Депутаттар Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшін жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.

Заң жобасын сенаттан қатысып отырған 44 депутат пен мәжілістен қатысып отырған 93 депутаттың бәрі мақұлдады.

Конституциялық заңның қабылдануы теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейтіні, бюджеттен қосымша қаржы талап етілмейтіні хабарланды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша құзыреттер мен кепілдіктер беретін заң күшін жойғанымен Н.Назарбаев президент туралы заңның экс-президенттер жайлы VI тарауына сай бірқатар кепілдіктерге ие.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір