• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:22:43
Алматы
+35°

Алғыс айту күні жыл сайын ерекше маңызға ие болып келе жатқанын Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы жоғарғы кеңесінің төрағасы, «Ұйғыр авази» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ершат Әсметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады Алматы қаласының өңірлік коммуникалар қызметі. 

«Барлық мерекелердің ішінде мен үшін Алғыс айту күні ең маңызды және құрметті күн. Өйткені алғыс жүректен шығады. Алғыс адамдарды жақындастырады, татуластырады. Бұл мерекенің жыл сайын үлкен мәнге ие болып келе жатқанына қуаныштымын», – дейді ол. 

Сондай-ақ ұйғыр этномәдени орталығының өкілі Қазақстан ұйғыр этносының ана тілінде газет шығаруға мүмкіндігі бар және осы ұлттың балалары ұйғыр мектептерінде оқи алатын бірден-бір елдердің бірі екенін айтып, толықтыра кетті.

«Бізде алғыс айтатын адамдар көп. Ата-ана, туған-туыс, дос-жараннан басталып, шексіз дархан даласындай жүрегі кең қазақ халқымен аяқталады. Қазақ халқының жүрегіне жүзден астам ұлт өкілдері сыйып кетеді. Бұл көптеген елдерде жоқ нәрсе. Шет елдерге жұмыс бабымен барғанымызда бәрі таң қалып: «Осындай көпұлтты мемлекетте адамдар қалай тату-тәтті өмір сүреді?» деп сұрайды. Оған себеп – қазақ халқының, оның айналасындағы барлық ұлттар мен ұлыстардың жүрегінің тазалығы деп білемін», – деп бөлісті ол.

«Жастар ассамблеясы» РҚҰ мүшесі, Қазақстан Ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайрыев өз тілектестігін білдіріп, өз сөзін қазақстандық жастарға қарата айтты.

«Бұл өте маңызды, айтулы мереке. Бұл нағыз тектіліктің мерекесі. Алғыс айта білу– шын мәнінде адамның қаншалықты асыл, жылы жүректі адам екенін аңғартады. Барлығы үшін «рахмет» айта білу керек. Сондықтан мен, әсіресе, жастарды ұялмай, көшеге шығып, күлімсіреп, әрбір қазақстандыққа алғыс айтуға шақырамын. Бүгінгі бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға әрбір қазақстандықтың қатысы бар. Әрбір қазақстандық осы тату отбасының мүшесі. Қазақстан халқы Ассамблеясының және барша қазақстандықтардың атынан жастарымызды құттықтап, оларға табыс, өркендеу, еліміздің экономикасының дамуы жолында бәсекеге қабілетті болуын тілеймін!», - деп түйіндеді ол сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, Алғыс айту күнінде Алматыда осы атаулы күнге орай іс-шаралар өткізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір