• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қазан, 03:13:04
Алматы
+8°

Владимир Путин федерациялық психиатрия орталығы жанынан ЛГБТ өкілдерін зерттейтін институт құруды тапсырды. Бұл жөнінде бейсенбі күні жыныс ауыстыруға тыйым салатын заң жобасы қаралған Мемлекеттік дума отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді. Құжат бірінші оқылымда мақұлданған. 

Мемлекеттік думада қаралған жыныс ауыстыруға тыйым салу туралы заң жобасы хирургиялық операцияның көмегімен трансгендерлікке өту мүмкіндігіне толық тыйым салады. Құжатқа сәйкес, "балалардың жынысында туа біткен физиологиялық ауытқуларды емдеу үшін" ғана операция жасауға болады, ол үшін арнайы комиссияның шешімі керек болады.

Құқық қорғаушылар мен кейбір дәрігерлер заң жобасын сынаған. Олар бұл заң психикалық ауытқулар мен суицидті көбейтуі мүмкін, сонымен бірге астыртын медициналық қызмет нарығына жол ашуы мүмкін деп қауіптенеді.

Еске сала кетейік, 2022 жылы желтоқсанда Владимир Путин ЛГБТ–ны насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойған болатын. 

 

Дереккөз: Азаттық радиосы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: путин лгбт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір