19 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанның барлық аймағында алдағы үш күнде жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
"Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады", - деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.
Синоптиктердің мәліметінше, жел күшейіп, дауыл соғады. Солтүстікте түнде ауа температурасы 5-13 градус жылы болады. Ал шығыста түнде сынап бағанасы 7-15 градусқа дейін төмендейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір