• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Қыркүйек, 23:59:05
Алматы
+35°

Алматы облысындағы 11 мектептің күрделі жөндеуіне мониторинг жүргізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Орта білім беру комитетінің хабарлауынша, жөнделіп жатқан мектептердің көбі 1970-1980 жылдардың басында салынған. Олардың қатарында Қонаев қаласының Қ.Қайсенов атындағы №4, Іле ауданы Екпенді ауылының №2 орта мектептері, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының А. Малкеев атындағы Білім-инновация лицейі, Шелек ауылының Абай атындағы, Есік қаласының Абылайхан атындағы №4 орта мектептері, Қаскелен қаласының Қ. Сәтбаев атындағы мектебі, Кеген ауданының Жаңабаев атындағы, Талғар ауданының К.Нұрпейісов атындағы, №10, № 12 орта мектептері бар. Қазіргі уақытта барлық 11 білім беру нысандарында демонтаж және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп жатыр.

"11 білім беру объектісінде кешенді жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың басым бөлігінде жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Шартқа сәйкес аяқталу мерзімі 6 айдан 11 айға дейін созылуы мүмкін, яғни оқу жылының басында мектептер балаларды қабылдауға дайын болмайды. Біз білім басқармасымен бірлесіп оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін білім алушылардың уақытша орналасу орындарын белгіледік. Өз кезегінде мердігер ұйымдар жөндеуді белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауға дайын", – деді орта білім комитеті басқармасының басшысы Гүлнар Таласбаева.

Орта білім комитетінің ұсынымдары бойынша білім басқармасы мен мектептер әр мектеп бойынша модификациялау жоспарын әзірленгее. Білім басқармасына жақын орналасқан басқа мектептердің жобалық қуаттылығын ескере отырып, барлық оқушыларды оқытумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: білім беру мектеп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір