• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:50:59
Алматы
+8°

Түркістан облысында Сырдарияға батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шыққан. Енді суға батып кеткен тағы бір жасөспірімнің денесі іздестіріліп жатыр. 

Іздестіру шараларына 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, 21 тамызда Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 11 адам Сырдария өзенінен батып кетті. Бүгінде суған батқан 11 адамның 10-ы табылды. Кеше 9-шы адамның жаназасы шығарылды.

Бұдан бұрын ТЖМ Түркістан облысында суға кеткендердің жасы туралы мәлімет берген болатын:

1. 1983 жылы туған әйел

2. 2006 жылы туған қыз бала

3. 2004 жылы туған бойжеткен

4. 2019 жылы туған қыз бала

5. 2015 жылы туған қыз бала

6. 2017 жылы туған қыз бала

7. 2006 жылы туған ұл бала

8. 2009 жылы туған ұл бала

9. 1998 жылы туған әйел.

Табылмаған:

10. 2011 жылы туған ұл бала

11. 2013 жылы туған қыз бала.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір