• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:35:20
Алматы
+12°

"Көп әйел алуға не тыйым салыңдар, не рұқсат беріңдер", деді Мәжіліс жанындағы қоғамдық палатаның кезекті отырысында Бекболат Тілеуханның экс-келіні Тоғжан Қожалы.

"Екі шешімнің бірін таңдап, біржақты қылыңыздар! Мен өзім тыйым салуды жақтаймын.

Екі әйел алып, бақытты болып кеткен еркекті де, ондай үйдегі әйелдің де бақытты болғанын көрген жоқпын.

Қалжың емес. Көп әйел деген – бүлінген тағдырлар, шешілмеген мұрагерлік мәселелері, болашағы бұлыңғыр балалар мен әйелдер.

Біз өзбектің мысалын алып, көп әйел алуға ресми түрде тыйым салуымыз керек! "Бір әйел – бір күйеу, балалар" деген ұран керек.

"Денсаулық туралы кодексте" екі әйел туралы айтылған, бірақ онда тыйым салынбайды. Стоп деу керек! Біз не құқық аясындағы өркениетті ел болайық, не бордай тоза салайық", – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір